Атырау, 26 желтоқсан 12:46
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Жамбыл облысында жаңа застава ашылды

2 809 просмотра
Жамбыл облысында жаңа застава ашылды

Жамбыл облысының Қырғызстанмен шектесетін аймағында жаңа шекара заставасы ашылды. Тараз қаласына тиіп тұрған Жасөркен ауылында бой көтерген кешен барлық талаптарға сай жабдықталған.

Бұған дейін шекара сақшылары уақытша ғимараттар мен жайсыз вагондарда тұрып келген. Соңғы кездері контрабандалық тауар алып өтушілердің қатары көбейгендіктен мұнда жаңа застава ашылып отыр. Жыл басынан бері Жасөркен шекара аумағында 52 оқиға тіркелген. Олар контрабандалық жолмен мал алып өту және халық тұтынатын тауарларды заңсыз жолмен тасымалдау болып отыр. Жаңа заставада жауынгерлік оқу-жаттығу сыныптары, асхана, шекараны техникалық бақылау орталығы, тіпті, қызметтік иттерге арналған арнайы орын да бар. Отыз бес адамдық казармада, сонымен қоса, әскерилердің отбасыларына лайықталып 6 пәтер жасалған. Ал келісім-шартпен қызмет етушілер үшін тағы 25 пәтер бөлініп отыр.

Тұрғанбек СТАМБЕКОВ,  ҚР ҰҚК Шекара қызметі директорының уақытша міндетін атқарушы:

- Жылдың аяғына дейін тағы 19 шекара нысанын өткіземіз. Ал Жамбыл облысында 7 шекара бекетін жыл қорытындысымен тапсырамыз. Келесі жылы тағы да 10 застава салынбақ. Оның ішінде Жамбыл облысына 3 застава, Алматы облысы мен Оңтүстік Қазақстанда тағы екі застава болады.

Дерекөз: 24 KZ

26 қазан 2012, 19:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.