Атырау, 20 қазан 09:06
Күндіз ашық+18, кешке +11
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 389.94  € 433.50  P 6.10

Химия бойынша Нобель сыйлығын үш ғалым иеленді

9 қазан 17:05


Стокгольмде химия саласы бойынша Нобель сыйлығының иегерлері анықталды. Биыл бұл сыйлық литий-ион аккумуляторын ойлап тапқан үш ғалым: Джон Гудэнаф (АҚШ), Стэнли Уиттинхэм (Ұлыбритания) және Акира Ёсиноға (Жапония) берілді.

Бұл химик-ғалымдардың ашқан жаңалықтарының арқасында жеңіл аккумулятор пайда болған. Литий-ион аккумуляторы тек ұялы телефон ғана емес, электромобильдерді де зарядтайды.

Өткен жылы химия бойынша Нобель сыйлығын Америка ғалымдары Фрэнсис Арнольд (ферменттер эволюциясы саласында жүргізген зерттеулері үшіні), Джордж Смит пен Грегори Уинтер (пептид пен антиденені зерттегені үшін) алған. Бұл ғалымдардың зерттеулері жасушалар мен микробтардың үш өлшемді кескінін өте жоғары сапада жасауға мүмкіндік береді.

Нобель сыйлығын швед өнертапқышы әрі өнеркәсіпші Альфред Нобель тағайындаған. Бұл сыйлық пен оның бір миллион долларға жуықтайтын ақшалай жүлдесі Альфред Нобель қайтыс болған күн - 10 желтоқсанда табысталады.

Осы аптада бейбітшілік және әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары анықталады. Биыл әдебиет бойынша сыйлық екі адамға табысталады. Былтыр жыныстық бопсалау дауынан кейін әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығы берілмеген.

Дереккөз: Азаттық радиосы



Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

206 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей:
1 2 3