Атырау, 18 қараша 20:39
 ашықВ Атырау 0
$ 495.95
€ 524.37
₽ 4.98

Мәскеуде Менделеев кестесінің жаңа элементтеріне атау берілді

14 474 просмотра

Мәскеу ғалымдар үйінде Менделеев кестесінің екі жаңа элементіне атау берудің салтанатты рәсімі болып өтті, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

«Олардың бірі, кестеде 114-ші орында тұрғаны өзі алғаш рет синтезделген Дубнадағы Г.Н. Флеров атындағы Ядролық реакциялар зертханасының құрметіне флеровий деп аталды. Екінші, кестедегі 116-шы элементке ат қою құқығына американдықтар ие болды. Енді ол Дубна ғалымдары ынтымақтастық жүргізетін АҚШ Ұлттық зертханасы орналасқан Ливермор қаласының құрметіне ливерморий деп аталады», - делінген хабарламада.

2000 жылы бірігіп жұмыс жасаған ресейлік және американдық ғалымдар 6 жаңа элементті синтездеді. Олар бірер секунд қана бар болып, жоғары сезімтал детектормен анықталады. Дубнаның тәжірибесін басқа ғылыми орталықтар бес жыл өткен соң ғана қайталай алды, осыдан кейін ғана элементтерді периодикалық жүйеге енгізу туралы шешім қабылданды.

Халықаралық таза және қолданбалы химия одағының президенті Кацуюки Тацумидің салтанатты рәсімде мәлімдегеніндей, «Дубналық ғалымдардың жетістігі біздің қоршаған орта туралы түсінігімізді өзгертеді. Бұл элементтердің ашылуы зор жетістік».

Дубнада синтезделген тағы төрт элемент мойындалатын және периодтық кестеден орын алатын сәтін күтуде.

Дереккөз: bnews.kz

25 қазан 2012, 20:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.