Атырау, 12 сәуір 05:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 473.13
€ 554.08
₽ 6.13

Ресейлік депутат АҚШ-та жауапқа алынды

2 258 рет қаралды


АҚШ қауіпсіздік саласының қызметкерлері Нью-Йорк әуежайында Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты, теле-радио жүргізушісі Инга Юмашевадан жауап алу мақсатында ұстады. 

Ресейлік депутаттың ұсталуы жөнінде хабар тарағаннан кейін, Мәскеу тарабы Уашингтонға наразылық нотасын жолдаған. Америка мен Ресей қарым-қатынасында орын алып отырған жаңа дау-жанжал туралы Ресейдің АҚШ-тағы елшісі Анатолий Антоновтың мәлімдеуінше, 

Инга Юмашева «Форт – Росс диалогы» форумына қатысу үшін келген. Осы жылдың 3 қазанында американдық тарап форумға қатысуға жиналған ресейлік сыртқы саясат ведомствосының бір топ қызметкерлеріне виза беруден бас тартқан болатын. Әзірше, ресми Уашингтон ресейлк депутаттың ұсталуына қатысты мәлімдеме жасаған жоқ. 

Дереккөз: Qazaqtimes.com

7 қазан 2019, 16:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.