Солтүстік Кореяның өткен аптада сынақтан өткізген зымыраны су астынан атылатын баллистикалық зымыранның жаңа түрі екені белгілі болды.
Аталған зымыран Солтүстік Кореяның шығыс жағалауындағы Юаншан қаласынан жақын маңдағы су астынан көтеріліп, 450 шақырып ұшқаннан кейін Жапон теңізінің сыртына құлаған. Оңтүстік Корея қорғаныс эксперттерінің пікіріне сенсек, бұл жаңа зымыран Пиоңяң (Пхеньян) осы жылы сынаған өзге зымырандарға қарағанда қуатты, әрі он сүңгуір қайықтарға орнатуға болатындықтан, АҚШ-тың Тынық мұхитындағы базаларына көбірек қауіп төндіре алады. Оңтүстік Кореяның қорғаныс өкілдері жариялаған мәліметте, Солтүстік Корея ұшырған жаңа зымыранның максималды биіктігі 950 шақырымға жетеді.
Құрама Штаттың Стратегиялық және халықаралық зерттеу орталығы да Солтүстік Кореяның кезекті сынаған зымыраның қаупі, осыған дейін сыналған барлық зымырандарынан асып түскенін растады. Ол 2000 шақырымға жуық қашықтыққа ұшып жете алады. Солтүстік Корея осы жазда қатты отындық зымырандарын ұшырып, дәлдігін сынап көрді. Әдетте қатты отындық зымырандарды анықтау оның қарсыластары үшін тым қиын. Себебі, қатты отынды пайдаланатын зымырандарды ұшырудан бұрын жанар затының мөлшерін қалауынша өзгертуге болады. Ал, өткен аптада Солтүстік Корея ұшырған зымыран сұйық отынды пайдаланатын зымыран екені анықталған.
Дереккөз: Qazaqtimes.com