Атырауда Түркиядан әкелінетін киім-кешек пен аяқ киімді Иран, Түркіменстан, Маңғыстау облысы арқылы жеткізіп отырған контрабандалық арна анықталды. Мұнай астанасы бастапқы жеткізу орны болған: әрі қарай тауарлар Қазақстанның басқа қалаларына жіберіліп отырған.
Түркияның мемлекеттік нөмірі бар «Мерседес-Бенц» жүк көлігі Атырау-Құлсары тас жолында тоқтатылған. Көліктегі скотчпен оралған бумадан көлік прокуратурасының қызметкерлері балалар мен ересектердің киім-кешектерін, тондарды, аяқ киімдерді тәркілеген. Осындай қаптың әрбіреуінде жеткізу нүктесі - қала атауы көрсетілген жапсырма болған.
Атырау көлік прокуроры Болат ҚАЛЫҚОВТЫҢайтуынша, контрабандалық тауарлар партиясының құны – 60 миллион теңгеден астам екен.
– Осы факті бойынша біз 209-баптың 2-тармағының «г» тармақшасы («Аса ірі көлемдегі экономикалық контрабанда») бойынша қылмыстық іс қозғадық. Іс қаржы полициясына жолданды.
Қаржы полициясының қызметкері арнаның қаншалықты ұзақ жұмыс істегенін, ол арқылы өткен жүктің көлемі қандай екенін және арнаны ұйымдастырушыларды анықтау жұмыстарын жүргізуде. Мәселен, контрабандашылардың Маңғыстау облысындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қалай бұзып өткенін білу қызық болар еді.
Анастасия ПАСТУХОВА