Атырау, 27 қараша 05:23
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ресейде Қырым татарларының белсендісі 2,5 жылға сотталды

2 746 просмотра


Ресей оңтүстігіндегі Дондағы Ростов қаласында әскери сот "терроризмге жария түрде шақырды" деп айыпталған Қырым татарларының белсендісі, блогер Нариман Мемедеминовті 2,5 жылға соттады. Халықаралық Human Rights Watch (HRW) адам құқығын қорғау ұйымы белсендіге тағылған айыпты "негізсіз" деп атап, үкімді сынады.

Бұл "Ресей билігінің Қырым татарлары белсенділерін қуғындауының кезекті көрінісі" делінген 2 қазан күні жарияланған ұйым мәлімдемесінде.

Прокуратура оны алты жылға соттауды сұрады. Белсенді соңғы сөзінде Ресей сотын "әділетсіз" деп айыптап, журналистерді Қырымдағы жағдай мен онда тұратын азаматтар жайлы ақпарат таратуға шақырды.

Құқық қорғаушылар және Батыс елдері Мәскеудің Қырымды аннексиялауына қарсылық танытқан Қырым татарлары белсенділерін қуғындауын айыптады.

Қылмыстық іске Мемедеминовтың 2013-2015 жылдары аралығында Youtube-те жариялаған видео жазбалары түрткі болған. Онда блогер Қырым татарлары белсенділерінің сот отырыстарынан видео жариялап, саяси оқиғаларға пікірін білдірген. Сотта блогер өзіне тағылған айыпты мойындамады.

Мемедеминов 2018 жылы наурыз айында қамалған. 1 қазанда Киевте белсендіні қолдау акциясы өтті.

2014 жылы наурызда Ресей Украинаның Қырым аймағын аннексиялап алған еді. Халықаралық ұйымдар Ресей әрекетін заңсыз деп сынаған. Батыс елдері Қырым аннексиясынан кейін Ресейге санкция салған. Мәскеу Қырымды аннексиялағанын жоққа шығарады, оны "тарихи әділдіктің орнауы" деп атайды.

Дереккөз: Азаттық радиосы

3 қазан 2019, 15:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.