Атырау, 27 желтоқсан 05:07
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Тұрғындар сөзін елең қылмады

2 535 просмотра

24 қазанда жылу энергиясының тарифтерін көтеру жобасы бойынша өткізілген жұртшылық тыңдауында қала жұртшылығының атынан қатысқан он шақты адам өздеріне сөз бермегендіктен, наразылық белгісі ретінде залдан шығып кетті.

 

СӨЗУАРЛАР, САПҚА ТҰР!

Дина Нұрпейісова атындағы мәдениет үйіне бар болғаны отыз шақты адам жиналды. Тұрғындар «АЖЭО» АҚ-ның 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданыстағы жылу энергиясы тарифін 18,5 пайызға көтеру ниетін жақсы қабылдамады. Абай көшесі, 28 мекен-жайындағы үй тұрғыны сөмкесінен оқшаулағыш мақтаның үзігін шығарып алып: «Жылу тұрбасын, міне, осындай материалмен орайсыздар, сондықтан да олар пәтердегі емес, көшедегі ауаны жылытады!» деді. Авангард тұрғыны қала тұрғындарына өз мүдделерін монополистердің бассыздығынан қорғау үшін қоғамдық қозғалыс құратын кез келді деп мәлімдеді.

Тыңдалым төрайымы, Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің директоры Жанайым КЕЛБАТЫРОВА тұрғындар мәселеге қатыссыз сөйлеп жатыр деген уәжін айтып, наразы болған адамдардың сөзін тоқтатып тастады. Тыңдауға келген он шақты тұрғынның наразылық әрекеттеріне осы себеп болды.

«АЖЭО» АҚ президенті Мұхамбетқали ҚАЛИЕВ залда қалған адамдарға баяндама оқыды. Бұл ЖЭО үшін 3 жылға шекті тарифті бекітудің екінші тәжірибесі екен. Қалиевтің айтуынша, 2009 жылы бекітілген қолданыстағы тариф ЖЭО-на 1,164 млрд теңге кірісті инвестицияға салуға мүмкіндік берген. Келесі үшжылдықта ЖЭО 2,5 млрд теңге жинап, жылу шаруашылығын жаңартуға жұмсауды жоспарлап отыр. Осы мақсатқа жету үшін ЖЭО жылу бағасы мен ыстық сумен қамтуды бір гигакалориясын 4 905теңгеден 5 811 теңгеге дейін көтеруді ұсынды.

 

БҰЛЫҢҒЫР ЖАУАП

Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттік департаментінің сараптама кеңесінің мүшесі, көп жылғы еңбек өтілі бар экономист Наурызғали ӘБІЛХАЙЫРОВ монополист  ұсынған есеппен танысып шығып, «Теңізшевройл» ЖШС табиғи газға нақты баға ұстап отырған тұста  ЖЭО-ның отын шығындарын  өсіруін негізсіз деп мәлімдеді. Бұл тұрғыда ЖЭО-ның тарифінде отын шығындары 43% құрап отыр. Демек, әңгіме маңызды сомалар туралы қозғалмақ. «АЖ» тілшісі бас жылу қызметкеріне сұрақ қойды: бұл жерде мәселе қандай жүктемелерге қатысты туып отыр, өйткені, қалада көппәтерлік үйлер тек Нұрсая ықшам ауданында ғана салынып жатыр. Ал бұл тұрғын үйлер шағын жылу қазандары арқылы жылытылады.

Қалиев болса қазір жаңадан бой түзеген көп қабатты үйлердің шағын жылу қазандардан бас тартып, жылу жүйесіне қосылып жатыр деп жауап берді. Бұдан басқа оның айтуынша, Нұрсая бағытына қарай магистральды жылу құбырлары тартылып, сөйтіп, ықшам аудан орталықтан жылытылады.

 

ТАҒЫ ДА ЖЫЛУ ЕСЕПТЕГІШ ЖАЙЫНДА

Одан әрі ЖЭО экономистері тыңдауға қатысқандарға есептегіштері бар, не болмаса жоқ үй тұрғындары үшін жылу тарифтері бойынша  өз есептерін ұсынды: тиісінше 2 011 теңге және гигакалория үшін 4 017 теңге. Бұл жерде М.Қалиевты Ж.Келбатыроваға түзетуге тура келді: оның есебібойынша жылу өлшегіштері бар үйлер үшін тариф 683 теңгені құрауы тиіс, ал, өлшегіштері жоқ үйлер үшін бір Г/кал - 5 066теңге. Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттік департаментінің басшысы жылу есептегішті орнату қызметінің ақысы жылу тарифіне енгізілмейтіндігін атап өтті. Есептегіштерді орнату бойынша тұрғындар жылу берушілермен бөлек келісімге келулері керек. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

24 қазан 2012, 23:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.