Нұрмұқан Жантөрин атындағы филормонияда "Latyn álipbii balabaqshada" тақырыбында облыстық байқау өтті. Тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен өткен шараға аудан және қаладағы балабақшалар шәкірттері қатысты.
Бүлдіршіндер өлең айтып, би билеп, бақшада үйренген латын әріптерін айтудан сайысты. Байқау соңында жеңімпаздар арнайы дипломдармен, алғыс хаттар және ақшалай сертификаттармен марапатталды.
Әсем ЖОЛДЫБАЕВА
Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор