Атырау, 27 қараша 07:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

​Ресейдің мемдумасы Грета Тунбергті сөз сөйлеуге шақырды

2 006 просмотра


Ресейдің Үкіметінің депутаты, табиғи ресурстар, меншік және жер қатынастары жөніндегі комитет төрағасының бірінші орынбасары Василий Власов швед экоактивисі Грета Тунбергті Ресей парламентінің төменгі палатасында сөз сөйлеуге шақырды, - деп хабарлайды РИА Новости.  

Тиісті хатты ол Ресейдегі Швеция елшілігіне жіберді. Онда Власов ең жас ресейлік депутат екенін атап өтіп, қыздың ғаламшарды құтқаруға қосып жүрген үлесі және ерік-жігері мен қуатына таңданысын білдірді. Ол сондай-ақ, ресейлік жастар жаһандық экология проблемаларына алаңдайтынын, ал ересек саясаткерлер "өмірлік маңызды мәселелерде" ымыраға келе алмайтынын атап өтті. "Жас буын ретінде осы қауіп болашағымызға қатысты болғанда үнсіз қалмауымыз керек және біздің құрдымға кетуімізге жол бермейміз", - делінген жолдауда. 

Сонымен қатар, үкіметтегілер Ресейдегі Швеция елшісі Мален Мардқа хат жолдады. "Тинтин Элеонора Эрнман Тунбергтің нақты қай жерде тұратыны туралы ақпараттың болмауына байланысты сізден осы хатты жеткізуге және аударып беруді өтінемі", - деп түсіндірді ол.

Дереккөз: Tengrinews.kz

1 қазан 2019, 14:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.