CAMONITOR.KZ. «Қазақстандағы мемлекеттік БАҚ: жабу керек пе, әлде қалдырған жөн бе» - Жақында «Exclusive» журналында «Казахстанская правда» газетінің бұрынғы бас редакторы Григорий Дильдяев мемлекеттік БАҚ-тарды қалай құтқаруға болатыны туралы өз ойларымен бөлісті. Тәжірибелі журналистің ұсыныстарымен, әрине, келіспеу қиын, бірақ олар қазіргі жағдайда жүзеге асырылуы қаншалықты ықтимал? Осы жарияланымның тұдырған қызығушылығын ескере отырып, біз тақырыпты жалғастыруды шештік, бірақ оған басқа ракурстан қарауды ұйғардық – ал бізге жалпы алғанда мемлекеттік БАҚ қажет пе?
INFORMBURO.KZ. «"Дәрігерлер салғырттығы үшін жауапқа тартылуы тиіс". Күдебаевтар әулетінің адвокаты істі сотқа жеткізуге бекініп отыр» - Нұрсұлтан Күдебаевқа операцияны Қанат Тезекбаев жасаған. Дәрігерлер науқасты отаға дайындамаған. Алматы қаласы полиция департаменті басшысы Серік Күдебаевтың ұлының өліміне қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды. Бүгін қорғаушы Айман Омарова мәлімдеме жасады. Ол қайғылы оқиғаға медицина қызметкерлерін кінәлап отыр. Айтуынша, марқұм Нұрсұлтан Күдебаевқа операцияны Қанат Тезекбаевтың өзі жасаған.
«Жазықсыз балалар түрмеде не үшін отыр? Жауғашты колониясынан фоторепортаж» - Түрмедегі "Балалар үйін" сотталғандар салған. Ондағы бөбектер полиция қызметкерлері мен аналарынан басқа адам көрмейді.
AZATTYQ.ORG «Міндетті медициналық сақтандыру. Екінші талпыныстың ерекшеліктері» - Бір ай бұрын Қарағанды облысы тәжірибе жүзінде міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне өтті. Азаттық тілшісі келесі жылдан бастап бүкіл ел аумағында енгізілетін жүйенің "пилоттық режимде" қалай жұмыс істейтінін өз тәжірибесінде байқап көріп, сарапшылардың пікірін білді.
AZATTYQ-RUHY.KZ «Қ.Тоқаев Ереванда қандай құжаттарға қол қояды?» - Еуразиялық экономикалық одақ пен Сингапур арасындағы келісім өз мәресіне жетті. Бүгін Армения астанасында осы құжатқа қол қойылады. Сондай ақ, Египетпен келісім-шарт та аяқталуға жақын деп хабарлайды «Azattyq Rýhy» тілшісі.
ULT.KZ. «Расул Жұмалы: "Саясат – ғажайыптар әлемі емес, мүмкіндіктер алаңы"» - «Ұлт» тәуелсіз интернет басылымында жаңа жоба. "ULT – KEŃES". Бұл жоба Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерін сұхбатқа шақырып, оның жұмысы мен қоғамдағы мәселелерді, саяси өзгерістер мен жаңалықтарды ортаға салып, талқылауды мақсат етіп отыр. Алғашқы қонағымыз - кеңес мүшесі, саясаттанушы, дипломат Расул Жұмалы.