Атырау, 27 қараша 07:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

ҚХР 70 жыл: Мерекелік салтанат па әлде, әскери қуатын көрсету ме?

Сурет
3 500 просмотра


Бұдан бірер сағат бұрын Бейжіңде Қытай Халық Республикасы құрылғандығының 70 жылдығына арналған салтанатты шара басталды. 

Бұдан 70 жыл бұрын дәл осы күні Қытайдағы азаматтық соғыста Гоминдаң билігін елден қуып шыққан коммунистік партия ҚХР-ның құрылғанын жариялаған болатын. Бұл күнде Қытай экономикалық жақтан дамыған, алайда азаматтық және саяси құқықтар шектелген авторитарлық мемлекет. Соған қарамастан салтанатты шараның басталуында Қытай басшысы Ши Жинпиң қысқаша мәлімдеме жасап, «ҚКП үшін өз азаматтары бірінші орында екенін» айтты. 


Сондай-ақ, компартия билігіне қарсы массалық наразылықтар болып жатқан Гонконг туралы да тоқталды. Ол Гонконгты ынтымақтасуға, «бірге дамуға» шақырды. Қытайдың қазіргі саяси, әскери қуаты туралы күпсіне айтып келіп, Қытай басшысы Ши: «Қазір Қытайдың алға басуына ешқандай күш тосқауыл бола алмайды», – деп мәлімдеді. 


Салтанатты шара республиканың 70 жылдық мерей тойынан көрі, елдің әскери қуатын көрсетуге көбірек ұқсайды. Әскери парадта Қытай қарулы күштерінің озық әскери техникалары көрсетілді. Парадқа 15 мыңнан астам қытай әскері, 580 әскери техника, 160 ұшақ тартылған болса, лемнің 90 елінен 188 армия өкілдері қатысқан. Бұлардан тыс БҰҰ бейбітшілік күштерін қамтыған Қытайдың 8 мың әскері де бар.


Сондай-ақ, Қытай бұл жолы радарға көрінбейтін ұшақтары мен алыс аралыққа ұша алатын зымырандарын алғаш рет парадта көрсетіп отыр. Әсіресе, DF-41 құрлық аралық баллистикалық зымыраны жұрт назарын аударды. Қытайдың қорғаныс өкілдерінің мәліметіне сенетін болсақ, бұл зымырандар бір ретте 10 нысананы жоюға қабілетті. Бірақ, жалпы DF үлгісіндегі зымырандар Ресейдің "Авангард" зымырандарынан дамыта отырып жасағанын айта кету керек. 

Дереккөз: Qazaqtimes.com

1 қазан 2019, 11:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.