Атырау, 27 қараша 07:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Мәскеуде ірі ереуіл өтті

2 619 просмотра


Мәскеу көшелерінде 20 мың тұрғын ереуілге шығып, биліктен осы жазда тұтқындалған ереуілшілерді босатуды талап етті. 

Осы жолы наразы топ «Саяси тұтқынға еркіндік керек!» деген лозунгтармен шықты. Бұл акцияға Мәскеу әкімшілігі рұқсат берген. Шілдеден бері тәуелсіз кандидаттарды Мәскеу қалалық дума сайлауына өткізбеуіне байланысты қарсылық акциялары жалғасып келеді. 27 шілде және 3 тамызда өткен акцияларға билік рұқсат етпеген. Наразылық кезінде бірнеше мың адам ұсталды. Полиция шерушілерге күш қолданды. 27 шілде күнгі акциядан соң Ресейдің тергеу комитеті «жаппай тәртіпсіздік» бойынша қылмыстық іс қозғады, 14 адамға айып тағылды. 

Дереккөз: Qazaqtimes.com

30 қыркүйек 2019, 14:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.