Атырау, 27 қараша 07:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

​Иран АҚШ-тан 50 миллиард доллар өтемақы талап етті

2 588 просмотра


Иран АҚШ-тан 50 миллиард доллар өтемақы талап етті. Қабылданған шешімдердің дұрыстыған қадағалау кеңесінің хатшысы Мохсен Резаи АҚШ-тың Иранға 50 миллиард доллар өтемақы төлеу қажеттігін айтты. 

Оның сөзінше, Теһран осы уақытқа дейін Уашингтон салған санкциялардан келген шығанды 50 млрд долларға бағалайды және ядролық келісімнің шарттарын өтемақы төленген кезде ғана орындайды. «Егер америкалықтар ядролық келісімді қалпына келтіргісі келсе, онда олар осы уақытқа дейін санкциялардан келген 50 миллиард доллар шығынды төлеуі тиіс» - деп мәлімдеді Резаи. Бұған дейін АҚШ Иранның Орталық Банкіне санкция салып, барлық қаржы аударымдарын бұғаттаған. Президент Дональд Трамп бұл жолғы санкцияларды «өте ауқымды» деп бағалаған. 

Дереккөз: Qazaqtimes.com

30 қыркүйек 2019, 10:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.