Мәскеуде тәртіп сақшылары танымал ресейлік актриса Наталья Бочкареваны есірткімен ұстады, деп хабарлайды "Пятый канал".
Телеарнаның хабарлауынша, "Счастливы вместе" сериалының жұлдызында 0,69 грамм кокаин табылған. Ол өзінің біртүрлі әрекетімен полицейлердің көзіне түсіп қалған. Хаттамада актрисаның есірткі пайдаланғаны жазылған.
Наталья Бочкарева еш нәрсені жасырмай, тәртіп сақшыларына тыйым салынған затты өзі берген.
Бұл оқиғаға қатысты РФ қылмыстық кодексінің 228-бабы 1-бөлігіне (есірткі затын заңсыз ұстау, қолдану) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша төрт жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Актрисаның үйінде тінту жұмысы жүргізілді. Күдікті еш нәрсе табылмаған.
Дереккөз: Sputniknews.kz