Атырау, 27 қараша 07:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

​Ауғанстандағы президент сайлауы кезінде 32 адам қаза тапты

2 444 просмотра


Ауғанстанда кеше өткен президенттік сайлау кезінде лаңкестердің шабуылынан 32 адам қаза тауып, 113 тұрғын жараланды. 

Дауыс беру учаскелеріне 113 шабуыл жасалған. Олардың 64-ін «Талибан» радикалды қозғалысы мойынына алды. Еске сала кетейік, кеше Ауғанстан халқы ел президентін сайлады. Саяси шара 2001 жылы «Талибан» радикалды қозғалысы биліктен құлатылғалы бері 4-рет өтіп отыр. Бұл жолғы додаға 14 үміткер түсті. Олардың арасында елдің қазіргі президенті Ашраф Гани мен Премьер-министр Абдулла Абдулла бар. Сайлаудың алғашқы қорытындысы 19 қазанда, соңғы нәтижесі қарашаның 7-сі күні жарияланады. Егер ешбір кандидат сайлаушылардың басым дауысына ие болмаса қарашаның 23-і күні екінші тур өтеді.

Дереккөз: 24.kz

29 қыркүйек 2019, 10:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.