Атырау, 14 қаңтар 09:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

«Айқын» жастарға көмекке келеді

1 988 рет қаралды

Атырау қалалық №5 емханасы жанынан «Айқын»жастар денсаулығы орталығы  ашылды. Бұл орталықта 15-29 жас аралығындағы жастар білікті дәрігерлердіңкеңесін тегін ала алады.

Орталықта психолог, әлеуметтік қызметкер, акушер-гинеколог, дерматолог, терапевтер жұмыс істейді. №5 қалалық емхананың алдын алу және әлеуметтік психологиялық көмек көрсету бөлімі меңгерушісі Құралай ТӘМПИЕВАНЫҢ айтуынша,орталықта медициналық қызметтерден бөлек, суицид пен  күйзелістің алдын алу, дұрыс тамақтану бойынша ақыл-кеңес беріледі.

Жастар қабылдауға 27-01-82, 30-58-85 телефондары арқылы жазыла алады. Орталықтың жұмыс уақыты: таңғы 8-ден кешкі 18-ге дейін. Мекен-жайы: Әйтеке би көшесі, 24.

Айтолқын ҚҰЛШАРОВА

24 қазан 2012, 19:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.