Келесі аптаның басында Атырауда көлік жолдарының шағын болса да өте маңызды екі учаскесін ашу жоспарлануда. Олар жабылған кезде қаладағы қозғалыс айтарлықтай қиындаған еді.
Бірінші учаске – бұл Авангард 4-ықшамаудандағы қиылыстан бастап Сәтпаев даңғылының үстіндегі эстакадаға дейінгі Ғұмаров көшесі. Бұл жердегі жол жөнделіп, 11 метрден 13,2 метрге дейін кеңейтілді, жиектастары ауыстырылды. Енді бұл жердегі қозғалыс 4 жолақты болады. Эстакададан Сәтпаевқа дейінгі бұрылыста жол төсемі де толығымен ауыстырылды. Көлік қозғалысын 30 қыркүйекте ашу жоспарланған, ал жаяу жүргіншілер аймағында жұмыстар жалғасуда. Жол қызметкерлері жаяужолдарды асфальттап, бұрын болмаған су бұру науаларын орнатып, жарық бағаналарын ауыстырмақшы.
Бұл учаскеде екі аялдама павильоны (супермаркет жанында және көшенің қарама-қарсы бетінде), тиісінше, қоғамдық көліктерге арналған «қалталар» қарастырылған.
Беларуссияда шығарылған павильондарды қазан айының ортасына қарай орнату жоспарланған. Көлік жүргізушілерінің көпшілігі осындай ауқымды жұмыстар жүргізген жол жөндеушілердің эстакаданың өзіндегі жол төсемесіне назар аудармағандығына таң қалады. Ал ол көшелердің жаңа келбетімен үйлеспей тұр. Мердігер - «АтырауИнжСтрой» ЖШС-нің баспасөз қызметінде түсіндіргендей, тапсырыс беруші оны жұмыстар тізіміне енгізбеген. Құрманғазы көшесін жөндеу жұмыстары жөндеу маусымы аяқталғанға дейін жалғасады, бірақ жол қызметкерлері эстакададан Московский көшесіне дейінгі бөлікті бір аптадан кейін аяқтауға ниетті.
Екінші учаске - Махамбет көшесіндегі жанармай бекетінен «ЕмбіМұнайГаз» кеңсесінің маңындағы Азаттық даңғылына дейінгі Уәлиханов көшесі. Ол да 9-дан 11 метрге дейін кеңейтілді, жаяужолдарға кеспе тастар төселді, жол жиектері, 18 жарық бағаналары ауыстырылды. Бұл ауданда су бұру науалары қарастырылмаған – су жердің көлбеу болуына байланысты өздігімен ағады. Бұл учаскені 1 қазанда ашу жоспарланған. Уәлиханов көшесінің ЕМГ кеңсесінен жағалауға дейінгі бөлігі, егер ауа райы барлық жоспарланған жұмыстарды орындауға мүмкіндік берсе, 15 қазанда ашылады.
Зульфия ИСКАЛИЕВА
Суреттерді түсірген автор