Атырау, 26 желтоқсан 21:12
 ашықВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Құрғаса, құриды

3 104 просмотра

«Аққыстау су арнасы» ЖШС «Қазтрансойл» АҚ-на 4 млн теңгеден астам қарыз болып қалды. Және жуық арада мемлекеттік субсидиялар бөлінбесе, мекеме банкрот болып қалады.

«Аққыстау су арнасы» ЖШСИсатай ауданына қарастыАққыстау, Тұщықұдық, Хамит Ерғалиев селолары және «Өркен» ықшамауданы мен Томан елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз етеді.  «Аққыстау су арнасы» ЖШС директоры Ақкүміс АМАНБАЕВА «Қазтрансойл» АҚ-дан бөлек, басқа да қызмет түрлерін жеткізуші мекемелерге 2 млн теңге қарызы бар екенін айтады. 

- Біздің абоненттер төлемдерін уақытылы төлеп отыр, олардың бізге бережағы жоқ. Бар мәселе - су бағасы тарифінің екі жылдан бері өзгермей қалуында. Бұл бізге тиімсіз, - дейді А.Аманбаева.  

Хамит Ерғалиев селосы мен «Өркен» ықшамауданында судың 1 текше метрінің бағасы – 95 теңге, ал Аққыстау, Тұщықұдық селолары мен Томан елді мекенінде бір текше метр 30 теңге тұрады. Күні кешеге дейін мемлекет мекеменің шығындарын субсидиялап келген.

- Жыл сайын біз 20 млн теңге көлеміндегі субсидия алып, судың төлемақысының бір бөлігін осы дотациялар есебінен жауып отырдық. Бірақ, биыл субсидия әлі күнге түскен жоқ. Енді ол жыл аяғына дейін болмаса, біздің банкрот болып қалатын түріміз бар.

Исатай ауданы әкімінің орынбасары Мәди ӨТЕҒАЛИЕВ те «Аққыстау су арнасы» ЖШС өз жұмысын тоқтатса, су тапшылығы мәселесінің туындауы мүмкіндігін айтып отыр.

- Болашақта сумен қамтушы мекемелер облыс орталығында бірігеді, бір жүйеде басқарылады деген хабар бар, - дейді М.Өтеғалиев. – Бұл «Аққыстау су арнасын» тығырықтан алып шығатын жол болар еді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

24 қазан 2012, 19:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.