Атырау, 18 желтоқсан 21:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«О.Сүлейменов: "Шенеуніктердің өзі масыл"», «Бейбіт жиын өткізу неге қиын?», «"Томирис" фильміне қанша қаражат жұмсалғаны белгілі болды», «Трамп пен Зеленский не айтты? Екі президенттің телефон әңгімесі», «Трампты тақтан тайдыру мүмкін бе?».

3 373 просмотра

AZATTYQ.ORG  «"Ол жақта бәрібір тірі қалмас едім". Сирияда болған жігіттің хикаясы» - Қазақстанның арнаулы қызметі Таяу Шығыстан елге жеткізгеннен кейін "террористік қылмыс жасады" деген айыппен тоғыз жылға сотталған Теміртау тұрғыны Азаттыққа Сириядағы өмірі, "Ислам мемлекеті" экстремистік тобының идеологиясынан неге көңілі қалғаны және елге қалай оралғаны туралы айтып берді.

«Елді азық тапшылығы қысқан тұста "Арқадағқа" тағы бір атақ берілді» - Түркіменстанның Халық мәслихаты мен Мәжілісі ел президенті Гурбангулы Бердімұхамедовке "елдің құрметті ақсақалы" атағын берді. Мәжіліс төрайымының сөзінше, Бердімұхамедовке бұл атақты беруді "халық өтінген".

«Бейбіт жиын өткізу неге қиын?» - AzattyqLIVE Қазақстанда тұрғындардың бейбіт жиын өткізу құқығын іске асыруы мен азаматтық бостандықтардың қазіргі ахуалын белсенді, құқық қорғаушы Маржан Аспандиаровамен талқылады.

«Олжас Сүлейменов: "Шенеуніктердің өзі масыл"» - Ақын, "Невада Семей" қозғалысының құрған Олжас Сүлейменов Азаттыққа Семей полигонынан зардап шеккендердің өтемақысының азаюы, Қазақстандағы наразылыққа шыққандардың қамалуы және көп балалы аналарды билік өкілдерінің "масыл" деп атағанына қатысты пікірін айтты.

«Трамп пен Зеленский не айтты? Екі президенттің телефон әңгімесі» - АҚШ президентінің әкімшілігі Дональд Трамптың Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон әңгімесінің жазбасын жариялады. Трамп әңгіме барысында Зеленскийден келесі жылы өтетін АҚШ президенті сайлауына үміткер ретінде қатысуы ықтимал Джо Байденнің ұлына байланысты тексеру жүргізуді талап еткен деген күдік қыркүйектің 24-і күні АҚШ конгресінің импичмент рәсімін бастауына себеп болды.

«Бейбіт шеру бостандығы. Билік пен белсенділердің бағасы әрқилы» - Варшавада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының адам құқығы өлшемдері жөніндегі дәстүрлі кеңесінде бейбіт жиын өткізу туралы сөйлеген Қазақстанның үкімет делегациясы мен азаматтық қоғам өкілдері елдегі адам құқығының жағдайын әрқилы бағалады.

«"Бәрін желкесінен атқан". Советтік террор құрбандары» - Архангельск қаласында 1920-1930 жылдары атылған қуғын-сүргін құрбандарына арналған жаңартылған мемориал ашылды. Бастамашыл топ өз қаржысына ескі зиратты екі жылға жуық уақыт жөндеп, қалпына келтірген.

«”Иран әлемге қауіп төндіріп отыр”. Трамп БҰҰ жиынында не айтты?» - 24 қыркүйекте АҚШ президенті Дональд Трамп Нью-Йорктегі БҰҰ-ның 74-сессиясында Қытай мен Иранды айыптай сөйледі. Ол Америка ешқашан социалистік ел болмайтынын айтты.

AZATTYQ-RUHY.KZ «Трампты тақтан тайдыру мүмкін бе?» - АҚШ конституциясы бойынша Конгресс президентті тақтан тайдыруға құқылы.

INFORMBURO.KZ. «"Томирис" фильміне қанша қаражат жұмсалғаны белгілі болды» - "Қазақфильм" киностудиясының жетекшісі Арман Асенов "Томирис" картинасының бюджетін жариялады.


27 қыркүйек 2019, 11:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.