Атырау, 3 мамыр 03:44
 ашықВ Атырау +18
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Шымкентте Руслан Жанпейісов ұсталды

1 676 просмотра


Шымкентте байкерлер Жанпейісовтің ұсталуына байланысты полиция алдында жиналды Шымкентте танымал азаматтық белсенді Руслан Жанпейісов ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Осыған дейін әлеуметтік желіде белсендінің ұсталған сәтінде түсірілген видеолар тараған еді.  Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 18 маусымда Шымкент тұрғыны полицияға келіп, дене жарақатын алғанын айтып, арыз берген.  "Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы ("Бұзақылық") және 107-бабы ("Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру") бойынша біріңғай тізілімге тіркелді", - делінген хабарламада.  Сондай-ақ, полиция қызметкерін балағаттау дерегі бойынша ("Билік өкiлiн қорлау") тергеу жүріп жатыр. Қазіргі уақытта ол Шымкент қалалық уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Дереккөз: Tengrinews.kz

27 қыркүйек 2019, 10:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.