Исатай ауданының шаруа қожалықтары мал тұқымын асылдандыруға зор құлшыныс танытуда.
Мәселен, «Бекет» және «Қабибуллин» шаруа қожалықтары еділбай қойы мен жабы тұқымдас жылқыларды өсіріп төлдетумен жиырма жыл бойына айналысып келеді. «Серижан», «Б.Мүтиев», «Т.Мажанов», «Т.Жамалиденов», «Талғат» шаруа қожалықтары болса, мал тұқымын асылдандыру мақсатында Қостанай, Батыс Қазақстан облыстары мен өзіміздің облыстағы Исатай ауданы Нарын селосынан 90-ға жуық ірі қара малын алып келген. Ал тағы екі қожалық «Аграрлық несие корпорациясынан» 12 млн теңге несие алып, Ақтөбе облысынан 40 бас ірі қара малын сатып алған.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА