Атырау, 3 мамыр 00:02
 ашықВ Атырау +19
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Құқыққорғау органдарындағы дерек көзі Алматы облысы әкімі орынбасарының ұсталғанын растады

3 046 просмотра


Құқыққорғау органдарындағы дерек көзі Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровтың ұсталғанын растады, деп хабарлады агенттік тілшісі. 

«Оны (Манзоровты – КазТАГ) бүгін ертеңгісін ұстады», - деп растады ҚазТАГ ХАА тілшісіне бейсенбі күні жағдаймен таныс дерек көзі. Еске салсақ, бұған дейін ғаламторда 26 қыркүйек күні сағат 4.55-те Манзоров ұсталып, сыбайлас жемқорылыққа қарсы іс-қимыл қызметі қызметкерлерінің оны Алматы ПД УҰИ-ге тоғытқаны туралы хабар тараған еді. Хабарда әкімнің орынбасарына ҚР ҚК 366 бабы 3 бөлімі (пара алу) бойынша айып тағылып жатқаны айтылған. 

ҚазТАГ ХАА редакциясы Алматы облысы әкімдігіне хабарласқан, ол жерде Манзоровтың ұсталғандығы туралы мәліметтің жоғын, өздерінің де жағдайды анықтау үшін құқыққорғау органдарына жүгінгендерін жеткізген. Манзоров Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметіне 12 шілдеде тағайындалған. Оған дейін ол 2008-2017 жылдар аралығында Алматының Алатау ауданының әкімі болған.

Дереккөз: ҚазТАГ 

27 қыркүйек 2019, 10:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.