Атырау, 3 мамыр 00:44
 ашықВ Атырау +19
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Егер біз наразы топқа баспана берсек, ертең бәрі митингіге шығады – Абаев

1 796 просмотра


Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев елордада өткен көпбалалы аналардың митингілеріне қатысты түсініктеме берді.

"Мемлекет өз міндеттемелерінен бас тартпайды. Бірақ біз қазір қысымға шыдамай, митингіге шығушыларға пәтер тарататын болсақ, онда ертең барлығы пәтер сұрап митингіге шығады", - деді Абаев "Хабар" телеарнасындағы "Открытый диалог" бағдарламасында.

Ол алаңға шыққан әйелдер кезектен тыс пәтер беруді талап етіп жатқанын, ал бұл мемлекеттік көмекті әділ бөліну қағидасын бұзатынын атап өтті.

"Осындай аяқасты акциялардан кейін олардың көпшілігінің толық еңбекке қабілетті күйеуі бар екені анықталды, сонымен қатар акцияларға қатысушылардың кейбірі баспана алып үлгергені белгілі болды. Көпшілігінің қарызы кешірілген, атаулы әлеуметтік көмек көрсетілуде", - деп толықтырды министр.

Оның айтуынша, мемлекет халықтың әлеуметтік осал топтарына митингіге шыққан-шықпағанына қарамастан кезек тәртібімен көмек көрсетеді.  

Бұған дейін елорда әкімдігі де митингілер туралы пікір білдірген болатын. Нұр-Сұлтан әкімшілігі көп балалы аналар кезекке тұрмастан баспана талап етіп жатқанын атап өтті.

Дереккөз: Sputniknews.kz

27 қыркүйек 2019, 09:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.