Атырау, 3 мамыр 02:34
 ашықВ Атырау +18
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

​Несие кешірілген соң АӘК беру тоқтатыла ма? Вице-министрдің жауабы

2 470 просмотра


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап жатқан "несиесі кешірілгендерге атаулы әлеуметтік көмек беру тоқтатылады" - деген  қауесетке жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

WhatsApp мессенджерінде хабарлама алмасқан сурет таралған.  "Сәлеметсіз бе. Біз Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай ауылының тұрғынымыз. Біз атаулы әлеуметтік көмек алушымыз, енді ол ақшада тоқтатылады дейдіестуіміз бойынша. Себебі біздің несиемізді үкімет жауып бергені үшін,олда кіріске кіреді екен. Ол қалай сонда, шындық па? Сондай заң шығып жатыр дейді", - делінген мессенджерде тараған хабарламада.  

Еңбек министрлігінің өкілдері, бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.  "Бұл мүлде олай емес. Неліктен екенін білмеймін, кім мұндай ақпарат таратып жатыр, бірақ Мемлекет басшысы Жарлығында сәйкес кешірілген сомалар АӘК тағайындау кезінде кіріс ретінде есептелмейді. Мұндай жоқ. Егер мұндай нәрселер айтылып жатса, сол жерді тексеру керек. Анықтайтын боламыз. АӘК алатындар бұрынғыша алып жатыр. Кейбір жерлерде тоқтатылып жатыр, бірақ оның несиенің өтелуімен еш қатысы жоқ", - деді Нариман Мұқышев.  Осыған дейін, 21 отбасы мың қазақстандық АӘК алу үшіннегізгі табыстарын жасырғаны анықталды. Олардың арасында Алматыда үш қабатты коттеджі, қымбат көліктері мен бірнеше дүкендері бар адамдар да болған. 

Дереккөз: Tengrinews.kz

26 қыркүйек 2019, 16:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.