Атырау, 29 қараша 06:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Құбыр «кеміргіш» қаскүнемдер

4 086 просмотра

Жылыой ауданы прокурорының көмекшісі Марат ЕРМЕКОВ ірі мұнай көзін ұрламақ болғандардың жолы кесілгенін хабарлады.

Құлсары мұнай құбырлары басқармасының жұмысшылары Прорва мен Құлсарыға дейінгі мұнай құбыры аралығының 72 шақырым аумағынан қолдан тесіліп жасалған «задвижканы» тауып алған. Бүгінде қаскүнемдердің тұлғасы анықтала қойған жоқ. Прокуратура іздестіру жұмыстарын жүргізіп, ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі («Қылмысқа дайындалу және қылмыс жасауға оқталу») және 175-баптың 2-бөлігі («Ұрлық») бойынша қылмыстық іс көтерілгендігін мәлім етті.

Қаскүнем ұсталған жағдайда оның мүлкі тәркілене отырып, 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

24 қазан 2012, 18:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.