Францияның бұрынғы президенті Жак Ширак қайтыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Президент Жак Ширак бүгін таңғы уақытта отбасының айналасында қайтыс болды. Барлығы тыныш өтті". - деп жазады Франс Пресс Ширактың күйеу баласы Фредерик Сала-Барудың сөзін. Оның жасы 86-да еді. Жак Ширак 1995-2007 жылдары Франция президенті болды. 1977-1995 жылдары аралығында Париж қаласының мэрі қызметін атқарды. Бұрындары елдің премьер-министрі болды.
2007 жылы 16 мамырда Жак Ширак Президенттің өкілеттігін доғарып, Елисей сарайын тастап кетті. Осы сәттен бастап ол Францияның Конституциялық Кеңесінің мүшесі болды. 2011 жылы 15 желтоқсанда қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны және ысырап еткені үшін шартты түрде екі жылға сотталды.
Дереккөз:Tengrinews.kz