Атырау, 3 мамыр 06:08
 ашықВ Атырау +18
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Маңғыстау колониясында жазасын өтеушілер ауыздарын тігіп тастады

2 239 просмотра


Маңғыстау облысында аса ауыр қылмыс істеген жазасын өтеуші наразылық білдіру үшін өз ауызын тігіп тастаған. Үш адамнан өз дене мүшесін зақымдаушылық дерегі анықталған.

25 жастағы сотталушы Ақтау қаласында 2013 жылдан бері қауіпсіздік деңгейі ең жоғарғы мекемеде жазасын өтеп жатыр. Ер адам тамақ ішуден бас тартып, өз ауызын тігіп тастаған. Ол өңір прокурорымен кездесуді сұрап отыр.  "Бұл әрекетіммен мен өзімнің денсаулығыма қиянат жасап отырмын. Мұндай қадамға баруыма мекеменің әкімшілігінің әрекеті түрткі болды. Олар менің конституциялық құқығымды бұзады. Прокурордың біздің колонияға келуін, мені және де басқаларын қабылдауды сұраймын", - делінген хабарламада.   

Кейінірек Маңғыстау облысының прокуратурасының өкілдері осы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Үш адамның өз денсаулығына киянат келтіргені белгілі болды.  "Оқиға орнына облыстық прокуратура қызметкерлері мен облыстық полиция департаменті жедел тергеу тобы аттанды. Осы дерекке қатысты "Азаптаулар" бабы бойынша мекеме қызметкерлеріне қатысты біріңғай тізілімге тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу шараларын жүргізу Антикоррупциялық қызметке тапсырылды", - делінген құзырлы орган хабарламасында.  Тергеу шарасы облыстық прокурор бақылауына алынды. Сотталушылар тігістерін алып, тамақ ішуге кіріскен. 

Дереккөз: Тengrinews.kz

26 қыркүйек 2019, 14:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.