Атырау, 2 мамыр 21:10
 ашықВ Атырау +11
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Жамбылдық жігіттің өлер алдындағы хатынан үш полицейдің есімі табылды

2 627 просмотра


Жамбыл облысының тұрғыны жұбайының өліміне полицейлерді кінәлап отыр. Айтуынша жасамаған қылмысын мойнына артуға тырысып күш көрсеткен.

Александра Минголимова жұбайым жазықсыз түрмеде отырғысы келмеген соң, өз-өзіне қол жұмсаған дейді. Полицейлердің қалай күш көрсеткенін марқұм хатқа жазып қалдырыпты. Шындыққа жете алмай шырылдаған артындағы туыстары әділдік іздейді.

Жақындарының айтуынша, Дмитрийді 31 наурыз күні Байзақ ауданындағы үйінен тараздық тәртіп сақшылары алып кеткен. Оған қызға қатысты зорлық дерегі бойынша қылмысты мойнына алуды талап етіпті. Бұл жайында марқұм хатқа жазып қалдырыпты.   

"3 полицей 200 мың теңге береміз, 2 жыл отырып шығасың деп үгіттейді. Ол оған көнбейді. Жасамаған қылмысты күш көрсету арқылы "мойныңа ал" деп сабап тастаған. Ол өзінің соңғы хатында осыны жазған. Оқ өтпейтін кеудеше кигізіп, бильярд таяғымен ұрып, қатты қорлайды. Денесінде электр шокермен қинаған жара іздері қалып қойған", - дейді марқұмның жұбайы Александра Минголимова.

Зайыбының айтуынша, отағасы сол кеткеннен тек түңгі он екіде отбасына оралған. Ертесіне түстен кейін өз-өзіне қол жұмсаған. Александра құзырлы органдағылар "адам өліміне" қатысты істі де жіті қарамады дейді. Полиция болса мұнымен келіспейді.

"Минголимов Дмитрийдің "өзіне қол жұмсау" дерегі бойынша ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс қаралды. Маусым айының 30-ы аталған істің қылмыстық құрамы болмауына байланысты іс өндірістен тоқтатылды", - деп түіндірді Жамбыл облыстық ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Ноян Қиымбеков.

Тергеушілер хатта айыпталған 3 полицейдің үстінен тексеру жүргізгендерін де хабарлады. Тек "түк таппадық" деп отыр. Шындық іздеп шарқ ұрған Минголимовтар әулеті, марқұм болған отағасының мәйітіне эксгумация жасауға бел буған.

Айта кетейік, 27 жасында суицид жасаған Дмитрий пластик терезе жасайтын цехта жалданып жұмыс істеген. Оның артында қалған екі ұлы мен зайыбы полицейлер қызметтік бабын асыра пайдаланса да, түк болмағандай жұмыстарын істеп жүргеніне күйінеді.   

Дереккөз: Sputniknews.kz

26 қыркүйек 2019, 10:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.