Атырау, 17 маусым 02:19
 дождьВ Атырау +27.1
$ 487.17
€ 565.65
₽ 6.72

​ҰҚК қару жасайтын цех ашқандарды ұстады

3 063 рет қаралды

© ҚР ҰҚК
Рудныйда жарамсыз қаруларды ұрыс қаруына айналдыруға арналған мини-цех ашқан екі ер адам бас бостандығынан айырылды. Олар биыл сәуірде екі келі жарылғыш зат сатпақ болған кезінде қолға түскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

"29 тамызда Қостанай облысы Рудный қалалық сотында жарамсыз қаруды ұрыс қаруына айналдыруға арналған мини-цех жасаған Д. Басакин мен А. Стенинге ұрыс қаруы мен жарылыс заттарын заңсыз сатқандары үшін үкім шығарылды", - дейді ҰҚК-де.  


© ҚР ҰҚК

Сотталушылар ҚР Қылмыстық кодексінің 287 және 291-баптары бойынша айыпты деп танылып, әр түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Қазіргі уақытта фигуранттардың бірі іздестіріліп жатыр. 

Дереккөз: Tengrinews.kz
25 қыркүйек 2019, 12:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.