Атырау, 27 қараша 07:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

​Түркияда 6 мыңнан астам босқын ұсталды

2 364 просмотра


Түркияда бір апта ішінде 6 мыңнан астам босқын ұсталған. Олардың басым бөлігі Ыстамбұл қаласын паналаған. Бұл туралы Түркия Ішкі істер министрлігі хабарлады.

Өкілетті органның мәлімдеуінше, заңсыз келімсектерді құрықтауға арналған арнайы операциялар бірнеше провинцияда ұйымдастырылған. Операция нәтижесінде, 6122 босқын ұсталған. Оның 1 мыңнан астамы Сүрия азаматы. Қалғаны Ауғанстан, Таяу Шығыс және Солтүстік Африка елдерінен. Бұдан бөлек, Түркия елі босқындар үшін Еуропаға өтетін көпір іспетті. Соңғы мәліметтер бойынша, Түркияны жалпы 5 миллионға жуық босқын паналаған. Оның тек 1 миллионнан астамы тіркелген. Бүгінге дейін шекара асқан келімсектердің тек қана 350 мыңы елдеріне оралған. 

Сонымен қатар, босқындар қауымдастығының деректеріне сәйкес, Түркияда 8 жылдың ішінде 400 мыңнан астам Сүрия азаматы дүниеге келген. Миграция мәселесіне тап болған Түркия заңсыз босқындармен күрес операциясын жиі өткізіп келеді. 6 қыркүйекте түрік президенті Режеп Тайып Ердоған Сүрияның солтүстігінде қауіпсіздік аймағын қалыптастыру үшін Түркияға халықаралық қолдау көрсетілмесе, миллиондаған босқындар үшін Еуропаға шекара айқара ашылатынын ескерткен болатын. 

Сонымен қатар, ресми Анкара Еуропа елдерінен логистикалық көмек сұраған. Осыған байланысты, босқындар мен бейбіт тұрғындардың Сүриядағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қолдау көрсететін бірден-бір мемлекет АҚШ болғандықтан, Түркия аталған мәселені америкалық әскерлермен бірлесе шешуге бел буған.

Дереккөз: "The Qazaq Times"

25 қыркүйек 2019, 11:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.