Атырау, 4 қазан 17:32
 ашықВ Атырау +10
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Мердігерлер жұмысы сынға алынды

2 306 просмотра

Облыстық әкімдікте болған мәжілісте  облыстық құрылыс басқармасының бастығы Болат НҰРҒАЛИЕВ: «Мердігерлерді ауыстырып, материалдарды құқыққорғау органдарына жолдау керек» деген сөзді бірнеше рет қайталады.

Шенеунік Құлсары қаласындағы 624 орынды мектеп, 280 орынды балабақша және 250 орынды емхана құрылысын кестеден кешіктіріп отырған «МұнайҚұрылысСервис ЛТД» компаниясының қызметін сынға алды.

- «МұнайҚұрылысСервис ЛТД» компаниясы белгіленген мерзімде тек Доссордағы 300 орынға арналған мектеп құрылысын ғана бітірді. Бүгінгі  күні бұл компания Геолог поселкесінде 165 орынды балабақша салып жатыр. Біз мердігердің жұмыс қарқынын үдетуін талап етіп отырмыз. Балабақшаны пайдалануға беру 2013 жылға жоспарланған, - дейді Б.Нұрғалиев.

Оның айтуынша, тағы бір міндетіне салғырт қарайтын мердігер компанияның бірі «СнабОйлСтрой» ЖШС. Оның мойнында әлі орындалмай қалған салмақты нысандар – Махамбет ауданының Алмалы селосындағы балалардың демалыс лагерінің құрылысы, 35 спорт алаңы, Нұрсая ықшам ауданындағы 1 200 орынды концерт залы (суретте) және осы аудандағы 100 адамға арналған сауықтыру моншасының кешені бар.

Индер ауданындағы300 орынға арналған мектептің құрылысы ұзақ кідіріспен  жүргізіліп жатыр. Ондағы бас мердігер «Эко-Пласт» компаниясы болып табылады.

Б.Нұрғалиев адал  мердігерлер қатарына «Рим-Строй»  ЖШС  (Геолог поселкесінде 624 орынды мектеп, Махамбет селосындағы 300 орынды мектеп және Жұлдыз ықшам ауданындағы 280 орынға арналған балабақша)  және «Алау-Жайық»  ЖШС-гін (Индер ауданында кәріздік тазарту стансасы) қосты.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (ипотекалық тұрғын үй) бағдарламасы бойынша республикалық бюджет қаржысына қалада 120 пәтерлік 5 үй бой көтеретін болады, оның  екеуін 2012 жылы, ал қалғанын –  2013 жылы тапсыру жоспарланып отыр.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

24 қазан 2012, 17:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.