Атырау, 17 қыркүйек 01:39
 дождьВ Атырау +22.4
$ 444.88
€ 513.26
₽ 5.28

Қырғызстан экс-вице-министрінің ұлы Өзбекстанға қашып кетті

2 184 рет қаралды


Қырғызстан ішкі істер министрінің бұрынғы орынбасары Курсан Асановтың ұлы Өзбекстанға қашып кетті. Бұл жөнінде әскери прокурор Нуркамал Набиев мәлімдеді. 

Оның сөзінше, Мухаммед-Али Асанов "Достық" шекара бекетінен өткен. "Оған дейін ол күдікті ретінде саналмады. Оған қарсы дәлелдер болмады. Ол тергеуге шақырылмады. Бірақ ол қашып үлгерді", - дейді Набиев. 

1997 жылы туған Мухаммед-Али Асановты ұстау жөнінде шешім шыққан. Оған қазір іздеу жарияланды. Елдің бас прокуратурасы «Курсан Асановқа қарсы дәлел келтіретін заттарды ұлы арқылы Атамбаевтың жақтастарына берді» деп айып таққан. 

Дереккөз: Qazaqtimes.com

24 қыркүйек 2019, 09:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.