Енді кез-келген ниет білдіруші өз қаласы мен жалпы елдегі криминогендік ахуалмен таныса алады.
Нttp://service.pravstat.kz/map.html сайтын пайдалану оңай. Бас прокуратура мамандары уәде етіп отырғандай, қылмыс фактісі тіркелген бойда жасалған қылмыстардың дерекқорлары жаңарып отырады екен. Сонымен, қазан айында қаланың қай бөлігінде не болғанын анықтап көрелік. Сайтты жасаушылар алдымен қаланы, содан соң жасалған қылмыс түрін белгілеуді ұсынады: лаңкестіктен бастап құжаттар жасауға дейінгі қылмыстар берілген.
Көшелердің, үйлердің және ықшамаудандардың орналасуына қатысты кейбір кемшіліктер болмаса, жалпы алғанда жаман емес. Мәселен, Азаттық даңғылы, №15 мекен-жайы бойынша ҚР ҚК 257-бабында («Бұзақылық») қарастырылған қылмыс жасалған. Ал сол даңғылдағы №75 үйде кісі өлімі орын алған. Шағымдар есебі кітабындағы тіркеу нөмірі, тергеу жүргізетін орган және қылмыстық іс қозғалған уақыт туралы ақпарат беріледі.
Сайтта әлі толықтыру жұмыстары жүріп жатқанын айта кеткен жөн.
Анастасия ПАСТУХОВА