Атырау, 27 ақпан 22:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 501.75
€ 591.96
₽ 6.52

Қазақстанда көлікті тіркеу уақытша тоқтатылды

1 720 рет қаралды


23 қыркүйек күні көлікті тіркеу және қайта тіркеу қызметі уақытша тоқтатылады. Бұл туралы өзінің Facebook-тегі парақшасында "Үкімет азаматтар үшін" мемлекеттік корпорациясы" АҚ атқарушы директоры Мұрат Жұманбай хабарлады.

"2019 жылдың 23 қыркүйегінде ІІМ мәліметтер базасында техникалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты сағат 10.30-12.30 және 17.00-19.00 кезінде мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында көлікті тіркеу және қайта тіркеу бойынша құжаттар қабылданбайды", - деп жазылған хабарламада.

Бұл қызмет осы уақытта электронды үкімет порталында да жұмыс істемейді.

Дереккөз: Sputniknews.kz

23 қыркүйек 2019, 09:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.