Атырау, 24 желтоқсан 20:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Ақтаудағы жаппай төбелес: қылмыстық іс қозғалды

Бейнежазба
2 158 рет қаралды


Ақтау қаласындағы 12-ші шағын аудан тұрғындары ауладағы төбелесті видеоға түсіріп алды, деп хабарлайды "Ақтау-Лада".

Оқиға жексенбі, 22 қыркүйек күні болған. Жігіттер бір-біріне тас пен бөтелке лақтырып, пневматикалық қару қолданған.

Полиция видеоны тексерді. Төбелеске қатысқандардың бәрі ұсталды. Олар жауап алу үшін жергілікті полиция қызметіне жеткізілген. "Бұзақылық" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бірнеше адамның қатысуымен болған мұндай бұзақылық үшін 5 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл немесе түзеу жұмыстары түріндегі жаза қарастырылған. Бұзақылық жасағандарға қатысты бес жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе дәл осы мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы да қолданылуы мүмкін.


Дереккөз: Sputniknews.kz

23 қыркүйек 2019, 09:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.