Атырау, 9 шілде 08:38
 снегВ Атырау +20.4
$ 467.98
€ 533.87
₽ 6.11

Жарылыс салдарынан 10 әскери қызметкер зардап шекті - қорғаныс министрлігі

3 187 рет қаралды


Арыс қаласынан 60 шақырым жерде орналасқан арнайы жасақталған полигонда жарылыс болды, деп хабарлайды Қазақстанның қорғаныс министрлігі.

"21 қыркүйекте жоспарланған жару жұмыстары кезінде оқ-дәрі бөлшегі өздігінен жарылып кетті. Оқыс оқиға салдарынан контракт бойынша әскери қызмет етіп жүрген 10 арнайы даярланған саперге жарқыншақ тиіп жараланды", - делінген хабарламада.

Әскери қызметкерлер Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігінің далалық госпиталіне жатқызылған. Оларға қажетті медициналық көмек толыққанды көрсетіліп жатыр, деп мәлімет берді министрліктің баспасөз қызметі.

Оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау мақсатында шаралар жүргізіліп жатыр.

Дереккөз: Sputniknews.kz

22 қыркүйек 2019, 10:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.