Шетел істері жөнінде ЕО-ның жоғарғы төрағасы Кэтрин Эштон 2012 жылдың 22 қазанында Иранда есірткі қылмысына байланысы бар он азаматтың өлім жазасына кесілгені үшін мазасыздануда.
«Олардың көпшілігі үшін соттың істі қарауы әділ өтпегені және қамауда болған кезде оларға күш көрсетіліп, зорлық жасалғаны туралы ақпарат мені қатты алаңдатады», – деген еуропалық дипломатия басшысының мәлімдемесін шетелдік интернет-БАҚ таратуда.
Эштонның айтуынша, олардың аппеляцияға беру құқығы да болмаған, деп хабарлайды Росбалт.
Еске сала кетсек, күні кеше Тегеранда есірткі саудасына қатысы бар 10 сотталушы өлім жазасына кесіліп, дарға асылды. Олар бір тоннадан аса апиын және бір тонна матемфетаминді сатқаны үшін айыпты деп танылған. Бұл жөнінде Тегеран прокуратурасының ресми сайтында айтылған.
«Халықаралық кешірім» құқық қорғау ұйымының үндеулеріне қарамастан, сот үкімі орындалды.
Ұйым хабарлағандай, жыл басынан бері Иранда 344 адам өлім жазасына кесілген. Олардың көбісі есірткі саудасымен айналысқандар.
Дереккөз: bnews.kz