Атырау, 17 мамыр 06:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Әуе билеттерінің қымбаттығына байланысты тергеу басталды

2 663 просмотра


Екі әуе компаниясына қатысты монополияға қарсы заңнаманы сақтау туралы тергеп-тексеру басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Азаматтық авиация қызметтерін арығында баға белгілеу практикасын зерделеу мақсатында Ұлттық экономика министрлігі "Эйр Астана" АҚ және "SCAT авиакомпаниясы" АҚ-ға қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабының 1-тармақшасында көзделген бұзушылық белгілері, авиабилеттерге монополиялық жоғары баға белгілеу бөлігінде үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану бойынша тергептексеру жүргізуге бастамашылық етті", - делінген хабарламада. 

Тергеп-тексеру үшін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің шағымы негіз болды. Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша авиабилеттерге қолданылатын бағалардың негізділігі бағаланады.

Дереккөз: Tengrinews.kz

21 қыркүйек 2019, 13:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.