Атырау, 26 желтоқсан 12:48
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Храпунов Швейцарияның оны Қазақстанға ұстап бермейтініне сенімді

2 919 просмотра

АСТАНА, 24 қаз – Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстанда өзінің зайыбы Лейламен бірге қылмыстық топ ұйымдастыру, тағы басқа да ауыр баптармен айыпталған Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов Швейцарияның оны Қазақстанға ұстап бермейтініне сенімді. Храпунов осы елден саяси пана беруді сұраған.

«Швейцарияда бізде билікпен мәселе туындаған емес. Маған қарсы ешқашан ешқандай қылмыстық іс қозғалған емес, қозғалып та жатқан жоқ. Ондай қылмыстық істің ешқашан қозғалмайтындығына сенімдімін. Бір ғана қарапайым себеппен: менің Швейцарияда ешқашан банктік есеп шотым болмаған. Және де мені ешқашан Қазақстанға ұсап бермейтіндіктеріне сенімдімін. Швейцариялық билік айыптаулардың саяси астары бар екендігін жаксы түсінеді», - деді Храпунов швейцариялық Tagen-Aizenger газетіне берген сұхбатында. Орыс тіліне Forbes Kazakhstan басылымы аударған.

Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Алматы қаласының бұрынғы әкімі В.Храпуновқа, оның жұбайы Л.Храпуноваға және өзге тұлғаларға қатысты бюджет қаражатын ұрлау, лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану, пара алу және заңсыз жолмен алынған қаражатты немесе өзге де мүлікті заңдастыру фактілері бойынша қылмыстық істер тергелуде.
Оған қоса тергеумен 1997 мен 2007 жылдар аралығында Храпунов Алматы қаласының және Шығыс-Қазақстан облысының әкімі болған кезде өзінің жұбайы Храпуновамен бірге қозғалмайтын мүлік объектілерін мемлекеттік меншіктен заңсыз алып, оны заңдастыру, сату және алынған ақшалай қаражатты Қазақстан Республикасынан тысқа шығарумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оның қызметін басқарғандығы анықталды.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

 

24 қазан 2012, 15:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.