Бүгін, 20 қыркүйекте, бұрынғы қалалық саябақтың (Жарбосынов-Пушкин көшелерінің қиылысында) аумағында 1921 жылғы сәуірде бүлікшіл ақ казак отрядтарымен болған шайқастарда қаза тапқан қызыл әскер жауынгерлерінің сүйектерін іздестіру жұмыстары басталды. Адам қаңқалары тез табылды.
«Былина» орыс этномәдени бірлестігінің төрағасы Андрей КОРАБЛЕВТІҢ айтуынша, 2005 жылы өлкетанушы Вячеслав Афанасьев мұрағаттан сол шайқастарда қаза болған 11 адамның сүйегі болашақ саябақтың аумағына жерленгені туралы деректерді тапқан, сол жерде 1918 жылы атылған солдаттар және жұмысшылар депутаттары кеңесінің алғашқы мүшелері жерленген (кейінірек, 2000 жылдардың басында депутаттар кеңесі мүшелерінің сүйектері христиандық зиратқа қайта жерленді).
- Биыл тамыз айында біз қала әкімінің атына осы адамдардың мәйіттерін қайта жерлеу мақсатында іздеуге рұқсат сұрадық. Өйткені мұнда Тұңғыш Президент саябағының құрылысы жоспарланған, - дейді А. Кораблев. - Табылған заттар бар, мүмкін тағы табылар. Жұмыстар полиция қызметкерлерінің қатысуымен жүргізілуде. Олар аяқталғаннан кейін біз діни қызметкерлерді шақырып, ресми түрде христиандар зиратына қайта жерлейміз.
Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА
Суреттерді және бейнежазбаны түсірген Фархат ӘБІЛОВ