AZATTYQ-RUHY.KZ «Тоғыз Тоқаевтың саны ма?» - Президенттің маңызды қадамдарының көбі 9 санымен байланысты.
AZATTYQ.ORG «"Путинді қумақ" болған саха бақсысын дәрігерлік тексеруден өткізбек» - "Кремльден Путинді қуу үшін" Мәскеуге жаяу жорыққа шыққан саха бақсысы Александр Габышевті билік өкілдері ұстап, оны психоневрологиялық диспансерде тексеруден өткізетінін хабарлады. Amnesty International құқық қорғау ұйымы бақсыны дереу босатуды талап етті. Бақсы жорығын бастаған наурыз айынан бері оны қолдаушылар еселеп көбейді.
«”Биліктегі тұрақсыздық”. Соңғы ауыс-түйістерге реакция» - Қыркүйектің 18-ы күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше кадрлық ауыс-түйістер жасады. Азаттық тілшісі сөйлескен сарапшылар «Тоқаев кадрларды өзі таңдауы мүмкін, алайда «кітапхана» факторын да жоққа шығаруға болмайды» деп санайды.
QAMSHY.KZ. «Сталиннің қылмысын жасыру – қазаққа жасалған қиянат» - Алматыдағы “Цезарь” кинотеатры белгілі журналист Жанболат Мамайдың “Сталин қылмыстары: Ұлт зиялылары қалай жойылды” деп аталатын деректі фильмін көрсетуден бас тартты. Бұл туралы журналист әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
INFORMBURO.KZ. «Қиылып жатқан қыршындар» - Жол жиегіне еңіреп отыра кеткен әжей: "Әже, өлгім келеді" дейді сорлы балам?!" – деп күйзелді.