Атырау, 24 желтоқсан 20:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Алматыда халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың есіміне көше берілді

2 346 рет қаралды


Алматыдағы көшелердің біріне Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың есімі берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

Бүгін Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, Еңбек ері Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына орай Алматы қаласындағы Бостандық ауданында орналасқан көрікті көшелердің біріне абыздың есімі берілді. Салтанатты шараға Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қ.Жұмашев және жазушының жары Клара Жұмабайқызы мен туыстары қатысты. Алматы жұртшылығын айтулы қуанышпен құттықтаған шаһар басшысы бұл шараның өз шығармаларымен мәңгі жасайтын қазақтың кемеңгер жазушысына берілген баға екенін айтты. Бүгін сондай-ақ, Алматыдағы Н.Назарбаев даңғылында орналасқан Ә.Кекілбаев тұрған 118-үйге мемориалдық тақта орнатылып, салтанатты жағдайда ашылды. Ал, кешке Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында салтанатты кеш өтеді. 

Дереккөз: Tengrinews.kz

20 қыркүйек 2019, 15:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.