Атырау, 24 желтоқсан 20:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Қазақстан азаматы Оңтүстік Кореяда кішкентай баланы қағып, оқиға орнынан ізін суытқан – СІМ

3 241 рет қаралды


ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сүйенсек, Қазақстан азаматы қазіргі таңда үшінші мемлекеттің аумағында жасырынып жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«ҚР СІМ Корея Республикасында орын алған оқиғаны біледі. Қазіргі уақытта бізге белгілі мәліметтерге сенсек, Қазақстан азаматы расында кішкентай баланы қағып кетіп, зардап шеккен баланы жолда қалдырып, оқиға орнынан қашып кеткен», - деп хабарлайды ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров. Қолда бар деректер бойынша, ол адам қазір үшінші мемлекет аумағында жасырынып жүр. «Оның нақты қайда екені белгісіз. Құқық қорғау органдары тарапынан оны іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Ұсталған жағдайда мәселе құқықтық кеңістік шеңберінде шешіледі. Бұл мәселе бойынша жаңа ақпараттар пайда болған жағдайда қосымша хабарлаймыз», - дейді Айбек Смадияров.

Дереккөз: Inform.kz

20 қыркүйек 2019, 15:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.