Атырау, 24 желтоқсан 20:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

​Павлодарда полицей асылып қалған күйі табылды

2 335 рет қаралды


Павлодарда полицей асылып қалған күйі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қызметкердің мәйіті көпқабатты үйлердің бірінің гаражынан табылған. Ол Павлодар аудандық полиция бөлімі басшысының 34 жастағы орынбасары Руслан Оспанов болып шықты. Қазіргі уақытта полиция тергеумен айналысып жатыр.  "Бұл дерек бойынша тексеріс басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер. Оның нәтижесін қосымша хабарлауға уәде беріп отыр. 

Ал марқұмның туыстары біреулердің қысым көрсеткен болуы мүмкін екенін айтады.  Полиция майоры Оспанов 12 жылдан бері құқық қорғау органдарында қызмет еткен. Оның артында жүкті әйелі мен баласы қалды. Биыл желтоқсанда Руслан Оспанов 35-ке келер еді.

Дереккөз: Tengrinews.kz

20 қыркүйек 2019, 09:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.