Атырау, 26 желтоқсан 13:26
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

«Шал» кинолентасы екі аптада 30 млн. теңге жинады

2 460 просмотра
Атышулы «Келін» фильмімен танымал болған Ермек Тұрсыновтың «Шал» кинотуындысы екі аптаның ішінде 30 млн. теңге ақша жинады, деп хабарлады «Қазақфильм» АҚ-ның баспасөз қызметінен.  

Киностудияда аталып өткендей, бұл авторлық форматтағы фильм үшін айтарлықтай жақсы нәтиже. Кинотуындыны қазақ тілінде және орыс тілдерінде көруге болады, деп хабарлады «Қазақфильмнің» баспасөз қызметінен. Фильм прокатқа жартылай қазақ және жартылай орыс тілдерінде шықты.

Айта кетейік, «Шал» фильмі Эрнест Хемингуэйдің "Шал және теңіз". шығарамасының желісі бойынша түсірілді. Тұрсынов өзінің туындысын «Қазақша Хемингуэй» деп атайды. Аталмыш кино 2012 жылдың басында түсіріліп біткен болатын. 

Фильмде бас рөлді 63 жастағы Ерболат Тоғызақов сомдайды. Оның кандидатурасы қатаң іріктеуден кейін мақұлданды.

Дереккөз: inform.kz

"Шал" фильмінен көрініс

24 қазан 2012, 14:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.