Атырау, 18 желтоқсан 21:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«Тоқаевтың 100 күні несімен ерекшеленді?», «Тоқаев Сыртқы істер министрлігіне өз адамын қойды – сарапшы», «Әкімдер корпоративтік табыс салығын ұқсата ала ма?», «Полицияға шақыру, оқуға жіберу. Қытай жобаларына қарсылық "салдары"».

3 419 просмотра

AZATTYQ.ORG  «Тоқаевтың 100 күні несімен ерекшеленді?» - Маусымдағы кезектен тыс сайлаудың ресми қорытындысы бойынша Қазақстан президенті болып Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайланғанына 100 күн толды. Кей сарапшылар Тоқаев қоғамдағы көкейкесті мәселелерді шешуге талпынып отыр десе, өзгелері оны осы қызметке ұсынған бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ықпалында қалды деп санайды.

«Полицияға шақыру, оқуға жіберу. Қытай жобаларына қарсылық "салдары"» - Жаңаөзенде "Қазақстандағы Қытай жобаларына" қарсылық білдірген кей тұрғындарды полицияға шақырып, 21 қыркүйекте "заңсыз митингіге" шықпауды ескерткен. Наразылыққа қатысқан кей мұнайшылар өздерін жан-жаққа оқуға жіберуді "шерудің алдын алу" деп санайды. "Өзенмұнайгаз" өкілі оны жоққа шығарады.

«Арнайы қызметтің студенттер арасындағы "тыңшылары"» - Түркіменстан ұлттық қауіпсіздік қызметі студенттер арасында үкіметті сынайтын немесе елде бұғатталған веб-сайттарға кіріп, ондағы материалдарды оқитын жастар туралы хабарлап отыратын "тыңшылар" желісін құрған.

 AZATTYQ-RUHY.KZ «Тоқаев Сыртқы істер министрлігіне өз адамын қойды – сарапшы» - Саясаттанушы Андрей Чеботарев  Мемлекеттік хатшы, Президент Әкімшілігі жетекшісі, Сыртқы істер министрі лауазымдары тікелей Қауіпсіздік Кеңесінің жұмысымен байланысты, сондықтан бұл тағайындауларға Елбасы Н.Назарбаевтың ықпалы болғанын айтады.

«Әкімдер корпоративтік табыс салығын ұқсата ала ма?» - «Azattyq Rýhy» сарапшылары бұдан былай әкімдер ең алдымен кәсіпкерлікті дамыту бойынша сыналатынын айтады

ABAI.KZ. «"Қуыршақ қыздарға" сұраныс қайдан келеді?» - Еуразия 1-ші арнасында болатын осынау ток-шоуда қазақ қыздарының бүгінгі келбетіне қатысты «қуыршақ қыздар» деген өзекті тақырып қозғалып, ұлттық сана мен болмысымызға үлкен қатер төніп тұрғанына назар аудартатын бір қоңырау болды.


19 қыркүйек 2019, 15:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.