Атырау, 27 қараша 08:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

​Еуропалық орталық банкке жаңа президент сайланбақ

1 924 просмотра


Еуропарламент өкілдері Еуропалық орталық банктің президенті болуға Кристин Лагардты лайықты деп таныды. 

Reuters агенттігінің мәліметінше, дауыс беру нәтижесінде ұйым парламентінің 394 депутаты қолдап, 206-сы қарсылық білдірген. Тағы 49 депутат қалыс қалды. Осыған дейін Кристин Лагардтың кандидатурасын Еуропалық орталық банктің директорлар кеңесі бекіткен болатын. Ал оның қазіргі басшысы Марио Драгидің қызмет мерзімі 31 қазанда аяқталады. Кристин Лагард 2011 жылдың қыркүйегінен бастап Дүниежүзілік валюталық қорды басқарған. Шілдеде Лагард отставкаға кететінін мәлімдеді. Осыдан кейін Еуроодақ көшбасшылары Лагардты Еуропаның Орталық банкінің басқарушы-директоры қызметіне ұсынған болатын. Енді Еуропарламент депутаттарының бұл таңдауы толықтай қолдау тапса, Лагард орталық банкті басқарған алғашқы әйел атанбақ. 

Дереккөз: Qazaqtimes.com

19 қыркүйек 2019, 14:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.