Атырау, 26 сәуір 21:13
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Атырауда «нәпсіқұмар» бұзақылар пайда болды

6 154 просмотра


Атырауда ауданнан келіп, жоғары оқу орындарының біріне оқуға түсіп,  пәтерде бірге тұрған екі жас студент қыз әзірге белгісіз себептермен «нәпсіқұмар» бұзақының немесе бұзақылардың нысанасына айналды. Полиция ҚР ҚК-нің 293-бабы (Күш қолдану қатерін төндірумен не барынша арсыздықпен ерекшеленетiн әдепсiз әрекеттер жасаумен ұштасқан бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғады.

Зардап шегушілердің айтуынша, бұл 12 қыркүйекте кешкісін басталған: бірінші қабатта тұратын қыздардың терезесін әлдекім қоймастан қаққан, алайда қыздар ешкімді көрмепті. Келесі күні сол әрекет қайталанған. Ал есікті ашқан кезде есіктің сыртқы тұтқасында, кешірерсіздер, ұрығы бар мүшеқап ілулі тұрған.  Қыздар полицияға шағымданды. Екі күннен кейін сабақтан келген кезде біреулер есікке олармен бәрібір жыныстық қатынасқа түсетіні туралы (әдепсіз сөзбен) қоқан-лоқы жазылған қағаз қыстырып, тағы да пайдаланылған мүшеқап іліп кеткен.

Полицияның тергеу жұмыстарымен айналысуына «АЖ»-дан осынау жағымсыз жағдай туралы білген «НеМолчиKz» қозғалысының жетекшісі Дина ТАҢСӘРІ де үлесін қосты.

- Мұндай әрекеттер бізде бұзақылық деп бағаланады, бірақ мен мұны жеке басқа қарсы, кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыс деп есептеймін, - дейді Тәңсәрі. – Қылмыстық кодексте «Емінсектік» деген баптың жоқтығы жаман, тек 123-бап (Жыныстық қатынас жасауға немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерге мәжбүр ету) бар. Ол қатаң жаза бермейді. Біз мұны зорлауға тікелей қатер ретінде бағалаймыз. Сараптама үшін биология бар, енді «иесін» табу қалды!

Қылмыстық іс шеңберінде сараптама тағайындалды, ал әзірге жергілікті белсенділердің бірі қыздар үшін бақылаушы күзет ұйымдастырған.

Фархат ӘБІЛОВ

19 қыркүйек 2019, 11:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.