Атырау, 26 желтоқсан 13:50
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

«Терісайрық» шекара бекетінде әскери қызметшілерді соққыға жыққандар 3 және 7 жылға сотталды

2 385 просмотра

2012 жылдың 18 қазанында Семей гарнизонының әскери соты «Терісайрық» шекара бекетінің бастығы аға лейтенант А.Б. Хамитовқа, аға техник келісім шарт бойынша аға сержант Ж.О. Қаженовқа және осы шекара бекетінің дабыл және байланыс бөлімшесінің командирі келісім шарт бойынша кіші сержант Е.У. Тұрдығұловқа қатысты үкім шығарылды.

Тергеу органы оларға мерзімді қызметтегі 11 әскери қызметшіге зорлық жасады деген айып таққан. Зорлық жасау нәтижесінде әскери қызметшілер шекара бекетін тастап кеткен, ал мемлекеттік шекараны қорғауды қамтамасыз ету бойынша тапсырманың орындалмауына әкеп соқтырған сотталушылардың қылмыстық істері мемлекет қауіпсіздігіне айтарлықтай нұқсан келтірді.

Әскери сот сотталушыларға тағылған айыптарды құптап, оларға келесі жазаларды тағайындады:

Хамитовқа – 3 (үш) жылға бас бостандығынан айырып жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеу;

Тұрдығұловқа - 7 (жеті) жылға бас бостандығынан айырып жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеу;

Қаженовқа - 7 (жеті) жылға бас бостандығынан айырып жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеу.

Өскемен гарнизонының әскери прокуратурасы

23 қазан 2012, 18:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.